Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 1, с. 368-382

DEVELOPMENT OF SOLUTIONS FOR THE REMEDIATION OF SOILS CONTAMINATED WITH HEAVY METALS IN THE WASTEWATER TREATMENT AREA

АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ АЙМАҒЫНДАҒЫ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БОЙЫНША ШЕШІМДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ

Э.Н. Абдулова, Ұ.Ғ. Қанатбек, Е.Қ. Реймбаев, А.А. Куртебаева, А.М. Серикбаева, С.А. Орынбаев, Т.Г. Хелдер, М.С. Калмаханова

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу Университеті, Шымент, Қазақстан
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті,Тараз, Қазақстан
Браганса политехникалық институты, Браганса, Португалия

Аннотация · Abstract

Топырақтың ауыр металдармен ластануы қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып табылады.Сол себепті бұл зерттеудің мақсаты ауыр металдармен (Ni және Pb) латанған топырақты биокөмір көмегімен тазалау және биокөмірдің топыраққа әсерін бағалау болып табылады.Биокөмір ретінде ауыл шаруашылығы қалдықтары(қант қызылшасы,тауық көңі) алынды.Биокөмір 450°С температура 1 сағатта пиролиз процессі арқылы алынды.Алынған биокөмірдің физика-химиялық қасиеттері(ИК-спектр, СЭМ) зерттелінді.Топырақтың ауыр металдармен ластануын модельдеу процесі жүргізілді.Ол үшін 200 мг/л концентрацияда Pb(NO3)2ерітінді дайындалды.Ерітінді 500 гр топыраққа құйылып,қант қызылшасынан жасалған биокөмір 1%, 5% ,10% араластырылды.30 күн инкубациялық период нәтижесінде элементтік анализ арқылы ауыр металдың концентрациясының өзгерісі байқалды.Биокөмірдің топыраққа әсері жүгері отырғызу арқылы бақыланды.

Сведения · Details