Mechanics and Technologies, 2022, № 1, с. 55-65
STUDY OF QUALITATIVE INDICATORS OF FUNCTIONAL YOGURTS
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТҰРҒЫДАҒЫ ЙОГУРТТАРДЫҢ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация · Abstract
Зерттеу жүргізу жұмыстары кезінде сиыр сүті өнімінен көкөніс шірнесі мен шырынды жұмсақ жемістер шәрбаты қосылған функционалдық нысандағы ашыған сүт өнімдерінің үлгілері дайындалып, олардың физикалықхимиялық, сондай-ақ органолептикалық қасиеттеріне зерттеу жүргізілді. Сапаны органолептикалық бағалау кезінде көкөністер пен жеміс-жидектер шырынымен байытылған ашыған сүт өнімдерінің барлық ұсынылған түрлері жоғары органолептикалық қасиетке ие екендігі анықталды, соның ішінде, ең жоғарғы деген органолептикалық көрсеткіштерге қаражидек және алша шырындары қосылған йогурттар, майлылығы 3,2% қызылша шырыны мен қаражидек шәрбатымен байытылған «Қызылша-қаражидек» йогурты 9,9 ұпайға ие болып, жоғарғы көрсеткішке ие болды. Физикалық-химиялық сапа көрсеткіштерді зерттеу нәтижесінде функционалдық тұрғыдағы ашыған сүт өнімдері үлгілерінің құрамындағы май, ақуыз және ҚМСҚ массалық үлестерінің, қышқылдығының, сонымен бірге, фосфатаза немесе пероксидазаның МЕМСТ 31981-2013 стандарттарына сай екендігі айқындалды. Оңтайлы сақтаудың шарттарын жүзеге асыру мақсатында йогурттардың тұтынушылық қасиетінің өзгерістерге ұшырауын анықтау мақсатында зерттеулер олардың әзірленген күнінен бастап 3, 5 және 7-ші күндері жасалды. Сақтау кезеңінің 7-ші күніндегі көкөніс, жеміс-жидек шәрбаттарымен толықтырылған ашыған сүт өнімдерінің физикалық-химиялық сапа көрсеткіштері зерттеле келе дайын өнімді 7 күн сақтау керек екендігі оңтайлы деп белгіленді.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/ssfs3511
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0