Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 1, с. 33-39

DETERMINATION OF THE COLOR PARAMETERS OF SEMI-FINISHED PRODUCTS WITH THE ADDITION OF DIETARY FIBER

ТАҒАМДЫҚ ТАЛШЫҚТАР ҚОСЫЛҒАН ЖАРТЫЛАЙ ЕТ ФАБРИКАТТАРЫНЫҢ ТҮС КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ

А.Қ. Құрманбекова, А.М. Таева, И.М. Чернуха, Б.Ш. Джетписбаева, Н.Қ. Абильмажинова

Алматы Технологиялық университеті,Алматы, ҚазақстанАлматы Технологиялық университеті,Алматы, Қазақстан
Алматы Технологиялық университеті,Алматы, Қазақстан
«В.М. Горбатов атындағы тағам жүйелерінің ФҒО»ФМБҒМ, Мәскеу, Ресей

Аннотация · Abstract

Құсеті және алма жомы ұнтағын пайдалана отырып жартылай ет фабрикаттары дайындалды. Дайын өнімді зерттеу нәтижесінде бақылау және тәжірибелік үлгілердің түс сипаттамалары 𝐿(ашықтығы), a (қызылдығы) және 𝑏(сары түсі) сақтау процесінде зерттелді, сондай-ақ жартылай дайын ет өнімдерінің жалпы түсі анықталды.Алынған нәтижелер негізінде сақтау процесі барысында түс тұрақтылығының көрсеткіштерінің L* (ашықтық) мәні 5 %, 10%, 15%, 20%,25%, 30% көбейген сайын жоғарылады (мысалы, 84.6±1.28-ден 91.5±1.46-ға дейін), бұл пигменттер мен талшықтың өзара әрекеттесуіне байланысты өзгеріп отырады. Ал a* (қызыл түс) көрсеткіші 11.5±0.11-ден 7.74±0.28-ге дейін біршама төмендегенін байқаймыз. b* (сарғыш түс) үлестік мәні бастапқыда жоғары болса да 33.8±0.37-ден 26.1±0.23-ке дейін алма ұнтағы мөлшерінің артуына сәйкес өзгеретіні байқалады.

Сведения · Details