Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2024, № 1, с. 221-228

ANALYSIS OF THE REPAIR CONDITION OF STEERING VALVES IN MACHINES

Машиналардағы сатылы біліктерді жөндеу қорының жай-күйін талдау

М. Ибылдаев

Аннотация · Abstract

Сатылы біліктер өндірісі, машина жасауда айтарлықтай үлес салмағын құрайды. Бір жыл ішінде өндірісте 10 млн. астам дана сатылы білік дайындалады, оның жартысы автомобильдерге, тракторларға және басқа да техникаларға арналған. Сатылы біліктердің ауыр жұмыс жағдайлары олардың мойынтіректері мен тығыздағыштарына арналған орындардың қарқынды тозуына алып келеді. Барлық ақаулардың ішінде біліктің төлкемен түйіскен жерінде желіну түрінде жанасатын беттерінің тозуы басым. Жөндеу қорының жай-күйін талдау ілінісу біліктерінің барлығы дерлік өндіруші зауыттардың техникалық талаптарына сәйкес келмейтінін көрсетеді. Олардың 20%-ы жарамдылық талаптарына сәйкес келмейтіндіктен жөндеуге жарамсыз.

Сведения · Details