Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2024, № 1, с. 328-335

MODES OF THE SULFUR PRODUCTION PROCESS BASED ON DESUBLIMATION

Десублимация негізінде күкірт алу үрдісінің режимдері

A.А. Досмаканбетова, М.Д. Сабырханов, Н.Т. Сейтханов, Л.А. Сейткасимова, А.Н. Исаева

Аннотация · Abstract

Зерттеу жұмысының мақсаты ультрадисперстік бөлшектерді алу үшін десублимация үрдісін басқару әдісін әзірлеу болып табылады. Әртүрлі авторлардың эксперименттік мәліметтерінің шолуы негізінде термодинамикалық параметрлер және күкірттің фазалық диаграммаларының сипаттамалық шектік нүктелері анықталды. Табиғи газда күкірттің болуының тән белгісі – жасыл-сары бу. Қысым мен температураның күрт төмендеуі будың аса қанығуына жағдай жасайтыны анық. Сонымен қатар, күкірттің фазалық диаграммасының ерекшелігі – қатты күкірт фазалық ауысудың қандай жағдайда болатынына байланысты бірнеше модификацияда болуы мүмкін. Нақты көп компонентті бу-газ қоспаларын десублимациялау үрдістерінің кинетикалық сипаттамаларын есептеудің жеңілдетілген инженерлік әдісі ұсынылған. Ұсынылған әдістеме құрамында күкірті бар газдарда сыналды және белгілі тәжірибелік деректермен дәйектілігін көрсетті.

Сведения · Details