Mechanics and Technologies, 2026, № 3, с. 185-193
DEVELOPMENT OF A FUNCTIONAL CEREAL BAR FORMULATION USING THE TRADITIONAL KAZAKH FOOD CONCENTRATE MAISOK
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ МАЙСӨК АЗЫҚ КОНЦЕНТРАТЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ФУНКЦИОНАЛДЫ ДӘНДІ БАТОНЧИКТЕРДІҢ РЕЦЕПТУРАСЫН ӘЗІРЛЕУ
Алматы технологиялық университеті,Алматы, Қазақстан
Аннотация · Abstract
Дәстүрлі қазақ азық концентраты майсөкті функционалды дәнді батончиктехнологиясында пайдалану мүмкіндігі қарастырылды. Майсөк пен сұлы ұнының әртүрлі қатынасы бар төрт рецептура (М30, М40, М50, М60) әзірленді. Әрбір үлгідегі ақуыз, май, көмірсу, В тобының дәрумендері және магний мөлшері анықталды. Майсөк үлесін 50%-ға дейін арттыру ақуыз мөлшерінің 6,95-тен 9,02%-ға дейін және магний мөлшерінің 31,09 мг/100 г-ға дейін өсуімен қатар жүретіні анықталды, ал 60% кезінде майсөкті дайындау технологиясының ерекшеліктеріне байланысты май мөлшері күрт артады (39,44%). В тобы дәрумендерінің ең жоғары концентрациясы М40 үлгісіне тән екені анықталды. Барлық көрсеткіштердің жиынтығы бойынша М50 үлгісі функционалды дәнді батоншық рецептурасының ең перспективалы нұсқасы болып танылды. Өнім этнотамақтану тұжырымдамасы аясында, магний мен В тобы дәрумендерінің жеткілікті мөлшері арқылы стресске төзімділік пен когнитивті функцияларды алиментарлық қолдауға бағытталып әзірленді.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/rkhs1655
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0