Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 2, с. 418-426

INVESTIGATION OF THE PROPERTIES OF KAOLIN-, ACRYLAMIDE-, AND STARCH-BASED HYDROGELS USING DIFFERENTIAL THERMOGRAVIMETRIC ANALYSIS

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ТЕРМОГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН КАОЛИН, АКРИЛАМИД ЖӘНЕ КРАХМАЛ НЕГІЗІНДЕ АЛЫНҒАН ГИДРОГЕЛЬДЕРДІҢ ҚАСИЕТІН ТАЛДАУ

A. Азимов, Г.М. Изтлеуов, А.А. Болысбек

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент, Қазақстан

Аннотация · Abstract

Бұл жұмыста крахмал, акриламид және каолин негізінде алынған композиттік гидрогельдердің құрылымдық, морфологиялық және термиялық қасиеттері зерттелді. Гидрогельдер бос радикалды сополимерлену арқылы синтезделді. Термогравиметриялық талдау гидрогельдердің көпсатылы термиялық ыдырауға ұшырайтынын көрсетті: 70-250°C аралығында массаның шамамен 11,07% төмендеуі, 250-320°C аралығында 8,28% және 320-350°C аралығында 3,71% ыдырауы анықталды. DTG қисығында Tmax ≈ 290°C мәнінде ыдыраудың ең жоғары жылдамдығы байқалып, бұл композиттің жеткілікті термиялық тұрақтылыққа ие екенін көрсетті.Зерттеу нәтижелері каолиннің полимер матрицасының құрылымдық беріктігін арттырып, гидрогельдердің тұрақтылығын күшейтетінін дәлелдеді. Алынған нәтижелер гидрогельдердің су сіңіру қабілеті жоғары және құрылымдық тұрғыдан тұрақты материал екенін дәлелдейді.Термогравиметриялық талдау композиттердің көпсатылы термиялық ыдырауға ұшырайтынын және каолиннің термиялық тұрақтылықты арттыратынын дәлелдеді. Алынған гидрогельдер экологиялық қауіпсіз, құрылымдық тұрғыдан тұрақты материалдар ретінде ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау салаларында қолдану маңызы үлкен болып табылады.

Сведения · Details