Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2024, № 1, с. 166-175

DEVELOPMENT OF A MATHEMATICAL MODEL OF POLYMER MOLECULES UNDER OPERATIONAL IMPACTS

Эксплатуациялық әсер кезіндегі полимерлі молекуланың математикалық моделін құру

Ж.А. Кеулимжаева

Аннотация · Abstract

Қазіргі кезде адамзат ғарыштық әлем мен өте терең бұрғылау ұңғымаларын бағындыра отырып, күрделі электронды есептегіш машиналардың микроскопиялық тетіктерінен бастап, үлкен каналдар мен су қоймаларының гидрооқшаулағыштарын жасауға дейінгі барлық жағдайда, тіпті күнделікті өмірде полимерлік бұйымдарды пайдаланады. Полимерлердің көп түрлі болуы олардың химиялық құрамына, макромолекулаларында жеке бөліктерінің бір-бірімен қалай байланысқанына және олардың кеңістіктегі геометриялық орналасуына байланысты. Бұл мақалада сұйық ортаның, температураның, сыртқы және ішкі қозғалыстың эксплуатациялық әсері кезіндегі полимерлі молекуланың математикалық моделін құру зерттелінген.

Сведения · Details