Mechanics and Technologies, 2025, № 4, с. 293-302
METHODS OF LEATHER PROCESSING USING ENVIRONMENTALLY SAFE NATURAL RESOURCES
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНСЫЗ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР АРҚЫЛЫ БЫЛҒАРЫНЫ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ
Аннотация · Abstract
Бұл мақала шолу сипатында болып, соңғы жылдардағы былғарыны экологиялық қауіпсіз әдістермен өңдеу саласындағы зерттеулерді жүйелеуге, салыстыруға және талдауға бағытталған. Әлемдік тәжірибеде өсімдік сығындыларын, табиғи заттарды және қалдықтарды қайта өңдеу тәсілдерін қолданудың артықшылықтары мен шектеулері қарастырылады. Жүйелі әдебиеттерді сараптау арқылы былғарыны илеу әдістерінің қазіргі тенденциялары көрсетіледі.Бұл ғылыми шолу қазіргі заманғы былғары өңдеу саласындағы экологиялық тұрақты технологияларды дамытуға бағытталған бірнеше өзекті ғылыми бағыттарды қамтиды. Атап айтқанда, жергілікті өсімдік текті шикізаттардан алынған сығындыларды пайдалану арқылы илеу технологияларын әзірлеу, аяқ киім өндірісінде, әсіресе табан ұлтарағын дайындауда қайта өңделген былғарыларды қолдану мүмкіндіктері талданады. Жұмыста теріні өңдеудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда жаңа экологиялық қауіпсіз тәсілдердің қоршаған ортаға әсері бағаланып, олардың тұрақты өндіріс қағидаттарына сәйкестігі айқындалады. Шолудың ғылыми жаңалығы –экологиялық әдістерді салыстырмалыталдау, олардың даму бағыттарын айқындау және Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Отандық теріні өңдеудің тұрақты және ресурстарды үнемдейтін технологияларын қолдану өндірістің экологиялық әсерін едәуір қысқартуға және жоғары сапалы және қауіпсіз тауарлар жасауға мүмкіндік береді.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/ptbd6834
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0