Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 2, с. 117-127

DETERMINATION OF THE BASIC PHYSICAL AND MECHANICAL PROPERTIES AFFECTING THE PROCESSING AND PRESSING OF CEREALS

ЖАРМА ТҮРЛЕРІН ӨҢДЕУГЕ ЖӘНЕ ПРЕСТЕУГЕ ӘСЕРІН ТИГІЗЕТІН НЕГІЗГІ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ

П.М. Маликтаева, А.Б. Мынбаева, К.Ш. Саржанова, М.С. Маралбай

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан

Аннотация · Abstract

Әр шикізаттың түріне, формасы мен өлшемдеріне байланысты өзіне тән физикалық және механикалық қасиеттері болады. Бұл қасиеттер дайын өнімнің сапасы мен мөлшеріне, технологиялық машиналардың жұмыс істеу тиімділігінежәне процестердің энергия шығынына әсер етеді. Әдетте жұмыс барысында машиналардың, механикалық күш пен басқа факторлардың (мысалы температура, ылғалдылық) әсерінен өңделетін шикізат уақытқа байланысты түрлі өзгеріске ұшырайды. Бұл жұмыста жарма өнімдерінөңдеуге әсерін тигізетін негізгі физикалық және механикалық қасиеттері көрсетілді. Сусымалы материалдарды престеудің көптеген теңдеулері, оның ішінде тұтастық жорамалы негізінде алынған Н.Ф.Кунин мен В.Д.Юрченконың кең қолдану тапқан теңдеуі, келтірілді.

Сведения · Details