Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2023, № 4, с. 149-155

POWER SUPPLIES FOR INSTALLATIONS WITH CONCENTRATED ENERGY FLOWS

Шоғырланған энергия ағындары бар қондырғылардың қорек көздері

А.О. Жанпейісова

Аннотация · Abstract

Мақалада заманауи технологиялық процестердің кеңінен қолдануына байланысты машина жасау, аспап жасау, металлургия және басқа салалардағы ғылыми прогресс қарастырылады. Сондай-ақ, олардың арасында энергия ағындары шоғырланған жылу көздерін пайдаланатын қондырғылар маңызды орын алады. Плазмалық қондырғылар дәнекерлеу, кесу, металдарды балқыту, жабындарды бүрку және балқыту, кендерді байыту және басқа мақсаттарда кеңінен қолданылады. Қондырғылардың вольт-амперлік сипаттамасы берілген және осы технологиялық процестердің көмегімен аймақтардағы шығыс кернеуін немесе токты реттеу арқылы жылытқыштың қуатын реттеу мүмкіндігі көрсетілген. Айнымалы ток желісінің кернеу реттегіші және бір мәннен екіншісіне кернеу түрлендіргіші ретінде басқару жүйесі бар тиристорлық кернеу реттегіштерін немесе түрлендіргіш трансформаторды пайдалану мүмкіндігі көрсетілген.

Сведения · Details