Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 2, с. 54-62

MODELING THE OPTIMAL FORMULATION OF LOW-SALT MEAT CHIPS USING THE BOX–BEHNKEN METHOD

АС ТҰЗЫ ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЕТ ЧИПСТЕРІНІҢ ТИІМДІ РЕЦЕПТУРАСЫН BOX–BEHNKEN ӘДІСІМЕН МОДЕЛЬДЕУ

А.А. Қайсарова, А.У. Шингисов, А.К. Садибаев, М.Б. Кенжеханова

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті,Шымкент, Қазақстан
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз,Қазақстан

Аннотация · Abstract

Зерттеуде Salicorniaөсімдігінен алынған табиғи ұнтақты қолдана отырып, ас тұзын ішінара алмастыру арқылы ет чипстерінің рецептурасын оңтайландыру мәселесі қарастырылды. Тұзды шамадан тыс қолданудың денсаулыққа зияндылығын ескере отырып, табиғи тұз алмастырғыш ретінде Созақ ауданы, Қызылкөл елді мекенінде өсетін Salicorniaөсімдігінің кептірілген үстіңгі бөлігінен алынған ұнтақ пайдаланылды. Үш факторлы Box–Behnken әдісі негізінде екі түрлі рецептура құрастырылып, олардың органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін факторлардың өзара тәуелділігі математикалық модельдеу арқылы анықталды. Модельдердің адекваттығы Design-Expert бағдарламасы көмегімен тексерілді.Нәтижелер Salicorniaұнтағы қосылған чипстердің тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланғанын көрсетті: No1 рецептура бойынша оптималды көрсеткіш Y ≈ 8,9, No2 рецептурада Y ≈ 9,0 болды. Salicorniaқоспасын қолдану ас тұзын 50%-ға дейін алмастыруға мүмкіндік беріп, өнімнің дәмдік және технологиялық қасиеттерін сақтауға мүмкіндік беретіні дәлелденді.

Сведения · Details