Mechanics and Technologies, 2024, № 1, с. 112-120
DEVELOPMENT OF A SET OF CLOTHES FOR A COOK BASED ON THE ANALYSIS OF ERGONOMIC REQUIREMENTS
Эргономикалық талаптарды талдау негізінде аспазшылар киім жиынтығын дайындау
Аннотация · Abstract
Мақалада арнайы аспазшыларға арналған киімнің эргономикалық талаптары мен қызмет саласындағы қозғалыстарының классификациясы талданды. Арнайы аспазшы киімнің ұсынылған кейіптердің бейнесі және киімнің конструкциясына әсер ететін қимыл-қозғалыс процесінде өзгеретін маңызды өлшемдік белгілері анықталып, талданды. Аспазшы арнайы киім жиынтығының сапасын жоғарылатуда, аспазшылардың антропометриялық ерекшеліктерін ескеріп, конструкциялық пішімде еркін қозғалысқа берілген қосымшалар дәйектелді. Зерттеу барысында аспазшылардың қызметіндегі қимыл-қозғалысына талдаулар жасалып, негізгі дене қозғалыстарына саралау жүргізілді. Нәтижесінде, динамикалық кейіпте бес қозғалыс түрі анықталды. Ұсынылған кейіп түрлері жұмыс істеу кезіндегі қимыл-қозғалыстары киімнің конструкциясына әсер ететін қозғалыс үрдісінде өзгеретін маңызды өлшемдік белгілер анықталды. Осыған байланысты динамикалық қозғалыстағы зерттелген өлшемдер мен еркіндікке берілген қосымшаның мәндері анықталды. Арнайы киім жиынтығында бөлек өңделген бөлшектермен құрастырылу ерекшеліктеріне қарай бөлу-қосу және басқа бөлшектермен ауыстыру тәсілдерінде көпфункционалды киім жиынтығы аралас фактуралы материалдардан дайындалды. Арнайы аспазшылар киім жиынтығы қызмет көрсету саласындағы ыңғайлылығына қарай және қоршаған ортадағы ауа-райына байланысты, жаздық мезгілге қысқа жең жакет пен шолақ шалбарға түрленеді.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/nbjx9252
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0