Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 1, с. 111-118

OPTIMIZATION OF THE RECIPE FOR THE SMOOTHIE “TALKAN-ULPEK”

«ТАЛҚАН-ҮЛПЕК» СМУЗИ РЕЦЕПТУРАСЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ

А.Б. Мынбаева, Ж.М. Баянбаева, А.К. Садибаев, П.М. Маликтаева, А.Т. Онлабекова

Аннотация · Abstract

Ұсынылып отырған мақалада пісіруді қажет етпейтін үш дәнді үлпектерден алынған «Талқан-үлпек» талқаны негізінде сүтқышқылды және сүтті смузилардың рецептурасын жасау бойынша ғылыми жұмыстың нәтижелері келтірілген және дайындау барысында органолептикалық көрсеткіштерге ерекше назар аударылды, ал компоненттерді таңдау асқабақтың жұмсағынан алынған ұнды пайдаланып, смузидің функционалдық бағытына қарай айқындалды. «Талқан-үлпек» сүтқышқылды және сүтті смузилардың рецептурасын оңтайландыру мақсатында Шеффенің симплекс-торлы жоспарының көмегімен олардың органолептикалық бағалауы жүргізілді. Мәселені шешу нәтижесінде сүтқышқылды «Талқан-үлпек» смузиі таңдалды және құрамында 11,8% «Талқан-үлпек» талқаны және 6,6% асқабақ жұмсағынан жасалған ұнды қолданған кезде жоғары органолептикалық көрсеткіштерге ие смузи алуға мүмкіндік беретін қоспаның рецептурасы анықталды.

Сведения · Details