Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 3, с. 268-275

DETERMINATION OF THE COLORIMETRIC CHARACTERISTICS OF FOOTWEAR LEATHER TREATED WITH PLANT EXTRACTS

ӨСІМДІК ЭКСТРАКТТАРЫМЕН ӨҢДЕЛГЕН АЯҚ-КИІМДІК БЫЛҒАРЫНЫҢ КОЛОРИМЕТРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН АНЫҚТАУ

М.Д. Мэлс,, Л.Т. Сарттарова, Б. Абзалбекұлы,, B.O. Bitlisli

Алматы технологиялық университеті, Алматы, Қазақстан
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Қазақстан
Эгей университеті, Измир, Түркия

Аннотация · Abstract

Мақалада былғары материалына табиғи бояғыштардың қолданылуы қарастырылды. Өсімдік негізіндегі бояғыштар сияқты экологиялық таза өнімдерге «жасыл технология» қағидаларына сай келетін көптеген артықшылықтарына байланысты әлемдік қызығушылық артып келеді. Бұл зерттеуде балаларға арналған ортопедиялық аяқ-киімнің үстіңгі бөлік материалы ретінде емен қабығы (Cortex Quercus), шалқан (Agrimonia eupatoria L.) ат каштаны (Aesculus hippocastanum) және «хлорофилл», сондай-ақ осы экстрактылардың комбинацияларымен өңделген былғарының түс ерекшеліктері сипатталады. Алдыңғы зерттеулердің нәтижелері бойынша өсімдік негізіндегі бояғыштардың былғары терілеріне қолданылуықанағаттанарлықтан жақсыға дейін бағаланды. Сонымен қатар, бұл зерттеу бағалы бояғыштарды өндіруге қолдануға болатын өсімдік ресурстары туралы түсінік береді. Былғарының беттік құрылымы түс индикаторларын және түс айырмашылықтарын өлшеуге арналған SN-5000портативті колориметр арқылы түсі зерттелді. Нәтижесінде, былғарыны бояғанда түстің беріктігі мен қанықтылығы жақсарды, жоғары бояу интенсивтілігін қамтамасыз етеді. Табиғи бояғыштардың қолданылуы экологиялық таза материалдар өндіруге және қоршаған ортанызиянды заттардан қорғауға мүмкіндік береді.

Сведения · Details