Mechanics and Technologies, 2022, № 1, с. 27-34
PHASE ROTOR ASYNCHRONIC MOTOR CONNECTION SYSTEM
ФАЗАЛЫҚ РОТОРЛЫ АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖҮЙЕСІ
Аннотация · Abstract
Мақалада фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштағы ротор тоғын түзеткіш инвентор блогымен реттеу ұсынылған. Электр жетегі жүйесінде фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштың кедергісіз іске қосулуын қамтамасыз етіп, қажетті жылдамдықты және іске қосу моментінің тұрақтылығын реттеу мүмкіндігі қарастырылған. Қажетті жылдамдықты қамтамасыз ететін тұрақты қосылу моменті мен реттеу мүмкіндігі бар фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштың электр жетегі жүйесінде жеңіл іске қосылу жүйесі қарастырылған. Индуктивті кедергінің жиіліктік сипаттамаларының зерттеулері көрсетілген. Электр жетегі жүйесінің математикалық моделі MATLAB Simulink бағдарламалық кешенін пайдаланып динамикалық процестерді компьютерлік модельдеу арқылы жүргізілген. Жіберу моментін тұрақтандырып асинхронды қозғалтқышты басқару процесінің ұсынылған әдістері қарастырылған.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/layr6775
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0