Mechanics and Technologies, 2026, № 2, с. 399-417
THE ROLE OF PLASTICIZERS IN POLYMER-BITUMEN BINDERS
ПОЛИМЕР-БИТУМДЫ БАЙЛАНЫСТЫРҒЫШТАРДАҒЫ ПЛАСТИФИКАТОРДЫҢ РӨЛІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Шымкент, Қазақстан
Аннотация · Abstract
Мақалада полимер-битум байланыстырғыштар (ПББ) құрамындағы пластификациялаушы қоспалардың материалдың реологиялық, құрылымдық және пайдалану сипаттамаларының қалыптасуына әсері қарастырылады. Пластификаторлардың химиялық табиғаты мен концентрациясының битум-полимер матрицасының үйлесімділігіне, температуралық сезімталдығына және фазалық тұрақтылығына ықпалы талданды. Зерттеу барысында өнеркәсіптік пластификатор Унипласт-3, вермикулит, табиғи текті модификатор –госсипол шайыры негізінде үш түрлі ПББ құрамы дайындалды. Құрылымдық өзгерістер ИК-Фурье спектроскопия әдісімен зерттеліп, консистенциялық қасиеттері 25°С-та пенетрация көрсеткіші арқылы бағаланды. Нәтижелер Унипласт-3 енгізілген жүйеде айқын пластификациялаушы әсер байқалатынын, ал вермикулит пен госсипол шайыры қосылған құрамдарда құрылымдық өзара әрекеттесулердің өзгеретінін көрсетті. Алынған деректер пластификатор табиғатының ПББ кеңістіктік құрылымын қалыптастырудағы белсенді рөлін дәлелдейді және Қазақстанның күрт континенттік климат жағдайына бейімделген тиімді құрамдарды негіздеуге мүмкіндік береді
Сведения · Details
- DOI 10.55956/kqva2742
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0