Mechanics and Technologies, 2026, № 3, с. 343-351
ANALYSIS OF THE INFLUENCE OF LAYER THICKNESS AND THERMAL CONDUCTIVITY COEFFICIENT ON THERMAL RESISTANCE OF WALL STRUCTURES
ҚАБЫРҒА КОНСТРУКЦИЯСЫНДАҒЫ ҚАБАТ ҚАЛЫҢДЫҒЫ МЕН ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ ЖЫЛУ КЕДЕРГІСІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДА
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,Алматы, Қазақстан
Аннотация · Abstract
Қазіргі құрылыс саласында энергия тиімділігін арттыру мен жылу үнемдеу мәселесі ерекше маңызға ие. Энергияның шамадан тыс шығыны көбінесе ғимараттардың сыртқы қоршау құрылымдарының жеткіліксіз жылутехникалық қасиеттерімен байланысты. Осыған байланысты қабырға конструкцияларының құрылымдық параметрлерін оңтайландыру –заманауи құрылыс инженериясының өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Мақалада қабаттардың қалыңдығы мен жылуөткізгіштік коэффициентінің әртүрлі комбинациялары қарастырылып, олардың қабырғаның жалпы термиялық кедергісіне және температуралық өрісіне әсер ету ерекшеліктері зерттелді. Зерттеу барысында қабаттардың геометриялық және физикалық сипаттамалары арасындағы өзара байланыс талданды, олардың жылу сақтау тиімділігіне әсер ету заңдылықтары айқындалды. Сонымен қатар, жылу оқшаулағыш қабатты орналастырудың конструкцияның энергия тиімділігіне ықпалы сипатталды. Жұмыс нәтижелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы құрылыс нормаларына сүйене отырып алынған және оларды жобалау тәжірибесінде, сонымен қатар энергия үнемдеу және жылу тиімділігі бойынша жаңа инженерлік шешімдерді әзірлеуде қолдануға болады.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/kqky1524
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0