Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2024, № 4, с. 172-181

ON INCREASING THE SEISMIC STABILITY OF THE TASOTKEL RESERVOIR DAM ON THE SHU RIVER

Шу өзеніндегі тасөткел су қоймасы бөгетінің сейсмикалық күштерге төзімділігі туралы

Қ.Ж. Момбаев, М.Н. Сенников, Қ.Қ. Қалтай

Аннотация · Abstract

Мақалада Шу өзеніндегі Тасөткел су қоймасы туралы айтылған. Тасөткел су қоймасы, Шонкемин өзені сағасынан төмен қарай батыс бағытта кеңейетін Шу аңғарының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Су шаруашылығы есептері маусымдық ағынды реттеу үшін орындалған. Су қоймасының жұмыс істеуі мен толысу кезеңі су қоймасы тұстамасына ағып келетін ағын мен су тұтыну мөлшерінің қатынасымен анықталған. Су қоймасын толтыру қараша айынан басталып, сәуір айында ең үлкен көрсеткішіне жетеді, су қоймасының су беруі маусым айының екінші онкүндігінен басталып, қазан айының соңына дейін жалғасады. Су қоймасынан су тастау мөлшері артық ағын және төменгі ағыстағы суға қажеттілікпен анықталады. Су қоймасы қараша-желтоқсан айларында босатылады және ағып келетін ағынмен толтырылмай жұмыс істейді. Су тастағыш құрылымының барлық жапқыштары, ағын транзиті шамасын өткізуге ашық етіп қойылған.

Сведения · Details