Mechanics and Technologies, 2026, № 3, с. 30-45
OPTIMIZATION OF YOGURT FORMULATION WITH QUINCE ADDITIVE AND TREHALOSE USING DESIGN OF EXPERIMENTS
АЙВА ҚОСЫНДЫСЫ МЕН ТРЕГАЛОЗА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЙОГУРТ РЕЦЕПТУРАСЫН DOE ӘДІСІМЕН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Алматы технологиялық университеті,Алматы, Қазақстан
Аннотация · Abstract
Бұл жұмыста айва қосындысы, трегалоза, ашытқы мөлшері және ферментация уақытының йогурт өнімінің сапалық көрсеткіштеріне әсері экспериментті жоспарлау (DOE)әдісі арқылы зерттелді. Төрт фактор екі деңгейде өзгертіліп, 16 тәжірибе орындалды: айва (2–9%), трегалоза (2–6%), ашытқы (0,5–2%), ферментация уақыты (6–9 сағ). Бағаланған жауап параметрлері: pH, титрленетін қышқылдылық (°Т), өзіндік құны (теңге), органолептикалық баға (балл), тұтқырлық (Па·с). Дисперсиялық талдау нәтижесінде барлық жауаптар бойынша модельдердің маңыздылығы расталды (p<0,05), ал ең ықпалды фактор ретінде айва қосындысы анықталды. Көптік регрессия теңдеулері құрылып, факторлардың өнім қасиеттеріне сандық әсері сипатталды. Көпкритерийлі оңтайландыру нәтижесінде ең қолайлы рецептура: айва –7,74%,трегалоза –2%,ашытқы –2%,ферментация уақыты –8,06 сағекені көрсетілді; бұл жағдайда тұтқырлық пен сенсорлық бағалау жоғары деңгейде сақталып,pH-қышқылдылық балансы технологиялық талаптарға сәйкес келеді.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/ivqs7676
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0