Mechanics and Technologies, 2026, № 2, с. 137-146
INFLUENCE OF MOLECULAR HYDROGEN ON THE YIELD OF BIOACTIVE COMPOUNDS FROM GRAPE POMACE
МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ СУТЕКТІҢ ЖҮЗІМ ҚАБЫҒЫНАН БИОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІНЕ ӘСЕРІ
Шәкәрім университеті, Семей, Қазақстан
Аннотация · Abstract
Берілген жұмыста жүзім қабығынан құнды қосылыстарды бөліп алу тиімділігі төрт түрлі еріткішті қолдану арқылы зерттелінді: бақылау үлгісі, сутекпен қанықтырылған, қышқылдандырылған, сондай-ақ қышқылдандырылған және сутекпен қанықтырылған. Үлгілерде жалпы полифенолдар (TPC), флавоноидтар (TFC), антоциандар (TMA) мөлшері және DPPH, ABTS және FRAP әдістерімен антиоксиданттық белсенділік анықталды. Сулы экстракттілердезерттелген еріткіштер арасында елеулі айырмашылықтар байқалмады. Этанолды жүйелерде қышқылдандыру мен сутекпен қанықтыру үйлесімі TPC және TMA көрсеткіштерінің, сондай-ақ DPPH және ABTS әдістері бойынша антиоксиданттық белсенділіктің айтарлықтай артуына әкелді. Бұл ретте FRAP көрсеткіштері іс жүзінде өзгеріссіз қалды, бұл молекулярлық сутектің әсерінің селективті сипатын көрсетеді: ол полифенолдар мен антоциандардың шығымын арттырады, бірақ FRAP әдісімен бағаланатын тотықсыздандырғыш қабілетіне әсер етпейді. Алынған нәтижелер жүзім қалдықтарынан құнды биологиялық белсенді қосылыстар шығымын бағытты түрде арттыру үшін сутекпен қанықтырылған қышқылдандырылған этанолды еріткіштерді қолданудың болашағы бар екенін растайды.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/gdrw6729
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0