Mechanics and Technologies, 2025, № 3, с. 382-391
ENVIRONMENTAL RISK ASSESSMENT AT A CHEMICALLY HAZARDOUS SITE INVOLVED IN WATER TREATMENT
СУДЫ ТАЗАРТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ОБЪЕКТІДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ БАҒАЛАУ
Аннотация · Abstract
Суды дайындаудың технологиялық процесі суды хлорлауды жүзеге асыратын өндірістік объектілердің химиялық қауіпті мәртебесін анықтайтын күшті уландырғыш және экотоксикант болып табылатын хлорды пайдаланумен байланысты. Зерттеудің мақсаты суды хлорлауды өндіретін химиялық қауіпті объектідегі техногендік төтенше жағдайға байланысты экологиялық тәуекелді бағалаудың өзіндік әдістемесін сынақтан өткізу болып табылады.Зерттеу барысында сараптамалық бағалау әдісіне негізделген экологиялық тәуекелді бағалау әдістемесі қолданылды. Экологиялық тәуекел деңгейі химиялық қауіпті объектінің экологиялық қауіптілігі мен қоршаған ортаның осалдығы көрсеткіштерінің арақатынасы бойынша бағаланды. Бұл әдістемені қолдану химиялық қауіпті объектілердің маңындағы аумақты экологиялық қауіп деңгейіне қарай ғылыми негізделген аймақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Хлор ыдысынан 200 м қашықтықта орналасқан жердегі қоршаған орта объектісі үшінтәуекел деңгейі төмен деп бағаланды, бұл, ең алдымен, зерттелетін объектідегі еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімді жұмысымен және қоршаған ортаның осалдығының төмен деңгейімен байланысты.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/fpfm8417
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0