Mechanics and Technologies, 2025, № 1, с. 10-16
ANALYSIS OF MICROBIOLOGICAL INDICATORS OF POULTRY MEATPROCESSED WITH ILU-10ELECTRONIC ACCELERATOR
ИЛУ-10 ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮДЕТКІШПЕН ӨҢДЕГЕН ҚҰС ЕТІНІҢ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
Аннотация · Abstract
Бұл зерттеуде құс етінің микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ИЛУ-10 электронды радиациялық үдеткішін қолдану тиімділігі зерттелді. 2 кГр, 4 кГр, 6 кГр, 8 кГр дозаларында сәулелендірудің Escherichia coli, Salmonella spp., Listeria monocytogenesсияқты патогенді микроорганизмдерге әсері талданды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сәулелендіру дозасы артқан сайын микробиологиялық ластану деңгейі айтарлықтай төмендеді, әсіресе 6-8 кГр дозаларында патогендердің толық жойылуына жақын нәтижелер байқалды. Сонымен қатар, радиациялық өңдеудің құс етінің сақтау мерзіміне оң әсері анықталды. Бұл зерттеу электронды сәулелендіру технологиясының құс өнімдерінің микробиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тиімділігін көрсетеді және оны өнеркәсіптік қолдану мүмкіндіктерін айқындайды.
Сведения · Details
- DOI 10.55956/ddfb5762
- Журнал · Journal Mechanics and Technologies
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0