Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 3, с. 377-391

PHYSICAL AND MECHANICAL PROPERTIES OF FINELY GROUND CEMENT BASED ON PHOSPHORUS SLAG WITH MODIFYING ADDITIVES

МОДИФИКАЦИЯЛАУШЫ ҚОСПАЛАРЫ БАР ФОСФОРЛЫ ШЛАК НЕГІЗІНДЕГІ ҰСАҚ ҰНТАҚТАЛҒАН ЦЕМЕНТТІҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

А.Н. Жауқаров, Б.К. Сарсенбаев, Д.Ж. Артықбаев,, Г.Р. Сауганова,, С.Т. Әуесбек

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Шымкент, Қазақстан

Аннотация · Abstract

Мақалада модификациялаушы қоспалар енгізілген электротермофосфорлы шлак негізіндегі жұқамайдаланған цементтің физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Механикалық активтендірудің цементтің меншікті бетіне, гидратация процестеріне, цемент тасының микроқұрылымына және беріктік сипаттамаларына әсері зерттелді. Рентгенфазалық талдау, сканерлеуші электрондық микроскопия, дифференциалдық-термиялық талдау және механикалық сынақтарқолданылды. Механикалық активтендіру дәрежесінің артуы фосфорлы шлактың гидравликалық белсенділігін жоғарылатып, құрылым түзілуін қарқындататыны анықталды. Цементтің меншікті беті 320-дан 610 м²/кг-ға дейін артқанда, 28 тәуліктегі сығылуға беріктігі 38,4-тен 66,5 МПа-ға дейін өсті, ал кеуектілігі 21,8%-дан 12,9%-ға дейін төмендеді. Поликарбоксилат негізіндегі суперпластификаторлар су-цемент қатынасын төмендетіп, құрылымды тығыздауға мүмкіндік берді. Фосфорлы шлакты пайдалану клинкер шығынын және CO₂ шығарындыларын азайтып, бетонның пайдалану қасиеттерін жақсартатыны көрсетілді.

Сведения · Details