Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 2, с. 315-323

FINE-GRAINED HYDRAULIC ENGINEERING CONCRETES WITH SUPERPLASTICIZER AND FLY ASH ADDITIVES

СУПЕРПЛАСТИФИКАТОР ЖӘНЕ ҰШПА КҮЛ ҚОСПАЛЫ ҰСАҚ ТҮЙІРШІКТІ ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ БЕТОНДАР

А.А. Сағындықов, Ж.Т. Сулейменов, Б.А. Карымсаков, Д.Ғ. Алимкулова

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Тараз, Қазақстан

Аннотация · Abstract

Зерттеудің мақсаты –«СП-1» суперпластификаторы мен микрокремнеземді қолданумен гидротехникалық ұсақ түйіршікті бетонның реологиялық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеп, құрамын жасау.Механоактивтендірілген ұшпа күлдің, микрокремнеземнің және суперпластификатордың ұсақ түйіршікті гидротехникалық бетонның технологиялық және физика-механикалық қасиеттеріне әсері зерттелді. Бетон қоспасының құрамына активацияланған ұшпа күлді, СП-1 суперпластификаторын және 7–10 кг/м³ мөлшерінде базальт талшығын енгізу бетонның жылжымалығын (140-160мм ),сығу (Rсж28 = 48,2 МПа), иілу (5,4-7,7МПа) беріктікті, су өткізбейтіндік (W10), аязға төзімділікке (F300) және коррозияға төзімділікті арттыруға ықпал етеді.

Сведения · Details