Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2022, № 2, с. 91-100

METHODS OF IMPROVING THE DESIGN OF THE STABILIZATION COLUMN DURING FIELD GAS PROCESSING AT THE AMANGELDINSKY GAS FIELD

АМАНГЕЛДІ ГАЗ КЕНОРНЫНДАҒЫ ГАЗДЫ КӘСІПШІЛІКТЕ ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕГІ ТҰРАҚТАНДЫРУ БАҒАНАСЫНЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІСТЕРІ

А.Р. Кембаев

Аннотация · Abstract

Мақалада Амангелді газ кенорнындағы газды кәсіпшілікте өңдеу кезіндегі тұрақтандыру бағанасының конструкциясын жетілдіру әдістері қарастырылған. Газоконденсатты кен орындарда пайдаланылатын тұрақтандыру бағанасының ішіндегі саптаманың конустық беті бойынша ағатын сұйық пленкасына әсер ететін күштерді және бөліну бетіне іш жақтан әсер ететін тамшылы сұйық ағынының толқынды ыдырауына талдау жасау нәтижесінде, пленканың қалыңдығы, оның орташа шығындағы жылдамдығы, ағынның жылдамдығы және диаметрі, сондай-ақ тамшы диаметрі анықталған. Ұсынылған теңдеулер аппараттың конструктивтік параметрін, сондай-ақ бірігіп әрекет ететін ағындардың физикалық қасиеттерін есепке алады. Масса және жылуалмасудың гидродинамикасының біріккен процестеріне жүргізілген тәжірибелі зерттеулер негізінде конусты саптама қабатында түйісу жылуалмасуы есептеу теңдеулерінің математикалық моделі ұсынылған.

Сведения · Details