Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2023, № 3, с. 38-48

RESEARCH ON THE USE OF GLUTEN-FREE FLOUR IN THE PREPARATION OF CRUMBLY COOKIES

Үгілмелі печенье дайындауда глютенсіз ұндарды қолдануды зерттеу

А.С. Умирбекова, А.Б. Мынбаева, Б.Е. Солтыбаева, Н.В. Иванникова, А.С. Боранкулова

Аннотация · Abstract

Мақала бүгінгі таңда өзекті болып отырған глютенсіз тамақ өнімдерінің ассортиментін кеңейту мәселесіне арналған. Арнайы тамақтануға арналған тағамдық құндылығы жоғары глютенсіз жүгері, күріш және қарақұмық ұндарын қолданып үгілмелі печеньелерді дайындау технологиясы қарастырылған. Глютенсіз ұндардан дайындалған үгілмелі печеньелердің органолептикалық және физикалық-химиялық көрсеткіштері анықталған. Зерттеулер нәтижесі бойынша глютенсіз ұндардан үгілмелі печеньелердің рецептурасы жасалған. Алынған глютенсіз үгілмелі печеньелерді тек целиакия ауруымен ауыратын науқастарға ғана емес, сонымен қатар тағамдық рационын түзетуге мұқтаж адамдарға да десерт түрінде қолдануға ұсынылған.

Сведения · Details