Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2026, № 3, с. 499-514

THE INFLUENCE OF CHEMICAL FACTORS OF THEPRODUCTION ENVIRONMENT ON WORKERS IN THE MINING INDUSTRY

ӨНДІРІСТІК ОРТАДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТАУ-КЕН САЛАСЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

Л.М. Актаева, А.Б. Бекмагамбетов,, А.М. Рахметова, Г.К. Алшынбекова,, Э.А. Кульмагамбетова,, Н.Т. Сагиндикова

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеуинституты ШМҚ РМК,Астана, Қазақстан

Аннотация · Abstract

Мақалада тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық, химиялық ортасын және оның жұмыскерлерге әсерін талдау ұсынылған. Зерттеудің мақсаты өндірістік ортадағы химиялық факторлардың тау-кен саласының жұмыскерлеріне әсерін бағалау, олардың жұмыс аймағындағы ауаның ластану деңгейін талдау және кәсіби тәуекелдерді тудыратын жағдайларды анықтау болды. Өндірістік технологиялық процестер белгілі шаң түзілуімен және кейбір жағдайларда концентрациясы рұқсат етілген шекті шамалардан асатын улы химиялық заттардың бөлінуімен қатар жүретіні анықталды. Барлық кәсіпорындарда зиянды факторлардың құрылымында бейорганикалық силикат шаңы, дизельді аэрозольдер, сондай-ақ металл, көміртек және марганец тотықтары басым болды. Пилоттық кәсіпорындарында химиялық факторлардың рұқсат етілген шекті шамалардан жүйелі түрде асып кетуі анықталды, бұл еңбек жағдайларын зиянды деп жіктеуге әкеледі. Жетекші қауіп факторы басқа өнеркәсіптік ластаушы заттармен біріктірілген силикат шаңының әсері болып табылады. Ол негізгі өндірістік ортадағы жұмыскерлерге ең көп әсер ететіндігі, ал инженерлік-техникалық персонал арасында қолайсыз жағдайлардың туындайтындығы анықталды, бұл желдету мен аймақтарға бөлудің тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Алынған деректер өндірістік ортаның теріс әсерін азайту мақсатында кәсіби тәуекелдерді басқаруды енгізу қажеттілігін растайды.

Сведения · Details