Central Asian Research Index

Mechanics and Technologies, 2024, № 4, с. 328-335

INVESTIGATION OF THE ICE PHASE DIAGRAM USING PHYSICO-CHEMICAL ANALYSES

Мұздың фазалық диаграммасын физика-химиялық талдауларды қолданып зерттеу

Т. Бижигитов, Э. Мадалиева

Аннотация · Abstract

Мақалада мұздың жоғары (0-2500) МПа қысым мен төменгі (90-250) К температурадағы Р-Т координатасындағы фазалық диаграммасына физикохимиялық талдаулар жасалды. 2500 МПа қысымда және 90 К температурадан 250 К температураға дейін мұздың фазалық диаграммасын зерттеу мақсатында жоғары қысымды поршень – цилиндр типті камераның құрылымы есептелініп жасалды. Камераның беріктілігін арттыру мақсатында концентрлі үш қабаттың термоөңдеуден өткен цилиндірлер бір-біріне қыздырылып күшпен кигізілді. Зерттелетін мұздағы қысымды анықтау ішінде орналасқан (Sn) қалайы мен (Ga) галийдің электрлік кедергісін өлшеу арқылы жүзеге асырылды. Үлгіде орналасқан мыс-константан терможүйенің көмегімен оның температурасын бақылап отырдық. Фазалық түрленулердегі көлемнің өзгерісін өлшеу үшін арнайы сызықты орын ауыстыруды электр импульстеріне айналдыратын түрлендіргішті қолдандық. Фазалық түрлену кезіндегі меншікті көлемнің өзгерісін ескеріп, фазалық диаграммаға физикохимиялық талдаулар жасау энтропияның (∆S), энтальпияның (∆J), ішкі энергияның (∆W) өзгерістермен екі фазаның тепе-теңдік көлбеулік бұрышының тангенсін анықтауға мүмкіндік туғызады.

Сведения · Details