Central AsianResearch Index

Жаһандық цифрлық трансформация жағдайында мемлекеттік аудитте жасанды интеллектті енгізудің мәселелері мен перспективалары

Zamira Bashu, А. Кошербаева, З. Жаныбаева, Б. Бокаев

Мақалада мемлекеттік аудит жүйесін цифрлық трансформациялау жағдайында жасанды интеллект технологияларын енгізудің теориялық-әдіснамалық негіздері мен практикалық мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметінің тиімділігін арттыру, тәуекелдерді ерте анықтау, деректерді жедел өңдеу және стратегиялық шешім қабылдауды қолдау үшін жасанды интеллект құралдарын қолданудың маңыздылығын негіздейді. Автор мемлекеттік аудитте машиналық оқыту, үлкен деректерді талдау, автоматтандырылған мониторинг және болжамдық аналитика әдістерін пайдаланудың негізгі бағыттарын жүйелейді. Сонымен қатар, жасанды интеллектті енгізу барысында туындайтын институционалдық, құқықтық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талданып, оларды шешу жолдары ұсынылады. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік аудиттің тиімділігін, ашықтығын және нәтижеге бағдарланғандығын арттыруға бағытталған инновациялық тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мақала қорытындысында мемлекеттік аудитті интеллектуалдандыру мемлекеттік басқарудың сапасын жақсартудың және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды факторы екендігі тұжырымдалады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 70, № 1, С. 187-196
Язык
Казахский
ISSN
2072-9847 · 2958-986X
Издатель
Center for Analytical Research and Evaluation