МИОКАРД ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ЭНДОТЕЛИІНЕН VEGF ЖӘНЕ CAVEOLIN-1 МАРКЕРЛЕРІ ЭКСПЕРССИЯЛАНУЫНЫҢ ЛИНДАННЫҢ СОЗЫЛМАЛЫ ӘСЕРІ КЕЗІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зерттеу мақсаты: Линданның созылмалы әсері кезіндегі миокард қан тамырлары эндотелиінен Caveolin -1 мен VEGF экспрессиясын миокард аймақтарына сәйкес салыстырып зерттеу. Зерттеу әдістері мен материалдары: Тәжірибелік зерттеуге салмағы 16-20 г. болатын 40 ақ тексіз тышқандар алынды. Бұл зерттеу бұған дейінгі жүргізілген (бірінші зерттеу жұмысы) тәжірибелік жұмыста қолданылған зертханалық жануарлардың ұрпақтары. Тәжірибелік жануарлар 2 топқа бөлінді: 1 топ- хлорорганикалық пестицид Линданның әсері, 2 топ – бақылау. Линданды per os енгізілді және зерттеудің 2-ші айының соңында жануарлар декапитация әдісімен эксперименттен шығарылды. Эксперимент соңында иммунофлюоресцентті микроскоптың көмегімен алынған жүрек препараты иммуногистохимиялық әдісті қолдана отырып, кавеолин - 1 (Cav-1) және VEGF зерттелді. Алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу жүргізілді. Зерттеу нәтижелері және талқылау: Зерттеу тобында миокардтың эндокардқа жақын аймағында эндотелийдегі кавеолин тұтастығы барынша сақталғанымен, олардың тізбекті орналасуы өзгерген, жарықтану алаңы айқын, тек кейбір жерлерде үзілген аймақтарды байқауға болады. Cav-1 экспрессиялайтын жасушалар көру алаңында 77,3±1,003 % құрап, бақылау тобымен салыстырғанда 12,3% жуық азайған (р<0,05). Миокардтың эпикардқа жақын аймақтарында Cav-1-ге оң мәнді жасушалар көру алаңында 71,6±1,2% құрап, бақылау тобымен салыстырғанда 9,5 % жуық азайған. VEGF-тің экспрессиялану ерекшеліктері бойынша, миокардтың эндокардқа жақын аймақтарындағы қан тамырлар эндотелиінен VEGF маркерінің экспрессиялануы 27,3±0,2 % құрап, бақылау тобынан 3 % жуық қана артқан. Бұл көрсеткіш миокардтың эпикардқа жақын аймағындағы көрсеткіштермен салыстырғанда айқын өзгерістер анықталған жоқ, VEGF-ке оң мәнді жасушалар 25,8±1,03 % құрады. VEGF маркерінің экспрессиялану ерекшелігі, бақылау тобымен салыстырғанда 1 – 3 % аралығында артқан (р<0,05), яғни айқын өзгеріс жоқ. Яғни, линданның созылмалы әсері ангиогенезді белсендіретіні анықталды. Қорытынды. Тәжірибелік жануарлардың ұрпақтарында линданның созылмалы әсері өзіндік ерекшелігімен көрініс берді. Линданның эндотелий тұтастығының маңызды факторы Cav-1 белсенділігінің төмендеуіне әсер ететіні анықталды. Сонымен қатар, миокард ангиогенезі белсенділігінің артуы VEGF экспрессиясының артуы анықталды.
Сведения
- Журнал
- Astana Medical Journal
- Опубликовано
- 2022 · № S1, С. 141-149
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1562-2940 · 2790-1203
- Издатель
- NpJSC "Astana Medical University