НАША, АЛКОГОЛЬ, ШЫЛЫМ ПАЙДАЛАНУ СЕКІЛДІ ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЗАҚ МЕДИАСЫНДАҒЫ ПРОПАГАНДАСЫ: ҚАЗАҚТІЛДІ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАН ВЕБ СЕРИАЛДАРДЫҢ МЫСАЛЫНДА: PROBLEMS OF PROMOTION OF DESTRUCTIVE BEHAVIOR IN THE KAZAKH MEDIA: PROPAGANDA OF ALCOHOL AND TOBACCO USE: ON THE EXAMPLE OF THE MOST VIEWED WEB SERIES IN THE KAZAKH SEGMENT OF THE INTERNET
Бұл мақала Интернеттің жаһандық таралуына және түрлі гаджеттердің пайда болуына байланысты XXI ғасырда ерекше танымалдылыққа ие болған веб-сериалар феноменіне арналады. Зерттеуде «веб-сериал» терминіне анықтама беріліп, оның танымалдылығын арттырып отырған факторлар айқындалады. Сонымен қатар, дәл қазіргі таңдағы Отандық веб-туындыларға деген аудитория сұранысы талданып, мазмұндық, танымдық жағына талдау жасалады. Веб-өнімдерге шығармашылық талап пен шектеулер қойылмағандықтан, авторлар өз ойларын еркін, ашық жеткізу мақсатында этикаға қайшы жайттарға жол беріп отыр. Лексикаға сай келмейтін былапыт сөздер, аудитория өміріне қауіпті зиянды әрекеттердің насихатталу мәселесін автор басты назарға алып, ғылыми тұрғыда зерделейді. Зерттеуде веб-сериал тек Интернет платформада және белгілі бір аудитория үшін таратылатын бұқаралық мәдениет өнімі ретінде қарастырылып, соңғы жылдары жарық көрген туындылар мысалында веб-мәдениет түсінігін сараланады. Мақалада заманауи мәдени диалогты дамытуда веб-сериялардың рөлі қандай деген сауалға да жауап ізделеді. Жастар арасында кең танылып жүрген Отандық веб-сериалдардың сапасы мен рейтингін анықтау мақсатында фокус топ ұйымдастырылып, сериалдар өндірісіндегі шығармашылық ізденіс турасында мамандар пікірі назарға алынды.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · Т. 3, № 4(12), С. 93-103
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2708-2032 · 2708-2040
- Издатель
- International Information Technology University
- Аффилиации
- Сүлеймен Демирел атындағы университет, «Медиа зерттеулер және журналистика» мамандығының магистранты
Сүлеймен Демирел атындағы университет, сениор-лектор