Central AsianResearch Index
Keruen2026

Қазіргі қазақ театрындағы Т.Жаманқұловтың актерлік феномені

Бұл мақалада М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көрнекті тұлғасы, актер, режиссер, Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың шығармашылық болмысы мен кәсіби феномені ғылыми тұрғыда қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде оның ұлттық театр сахнасында қалыптастырған орындаушылық мектебі, актерлік шеберлігінің стильдік және эстетикалық ерекшеліктері, сонымен қатар режиссерлік-педагогикалық қызметінің кәсіби мәдениетке қосқан үлесі талданады. Мақалада Т.Жаманқұловтың сахналық бейне жасаудағы көркемдік ізденістері мен ұлттық театр дәстүрін жаңаша интерпретациялау бағытындағы еңбектері сараланады. М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ғасырлық тарихындағы кәсіби сабақтастық үрдісі контексінде актердің орындаушылық табиғаты мен шығармашылық эволюциясы ашылады. Зерттеу барысында актердің репертуарлық палитрасындағы елеулі рөлдері — И.Оразбаевтың «Шыңғысхан», Б.Римованың «Абай десем...», Қ.Ысқақтың «Жан қимақ», М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек», М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндері», Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан», К.Аширдің «Қабыл – Адам Ата перзенті», М.Әуезов пен Н.Оразалиннің «Қилы заман», Кафканың «Құбылыс», И.Ғайыптың «Естайдың Қорланы» және басқа да туындылардағы кейіпкерлер жүйесі талданып, актердің көркемдік әдіс-тәсілдері, бейне тудырудағы психологиялық дәлдігі мен сахналық синтетизмі айқындалады. Сонымен қатар, Т.Жаманқұловтың режиссерлік қырынан К.Гоццидің «Турандот ханшайым», К.Шахимарденнің «Томирис», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», Гаджибейлидің «Аршын Мал-Алан» сияқты спектакльдердегі қоюшы ретінде ұлттық театр кеңістігіне енгізген жаңашыл шешімдері мен көркемдік концепциялары сарапталады. Мақала Тұңғышбай Жаманқұлов шығармашылығын қазақ театр өнеріндегі дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан феномені ретінде қарастырып, оның орындаушылық мектебінің теориялық және практикалық қырларын айқындауды мақсат етеді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 92, № 3, С. 284-305
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov