Central AsianResearch Index
Keruen2026

Үйлену ғұрып фольклорының жанрлық парадигмасы мен поэтикасы (түркі халықтарының фольклоры негізінде)

Мақалада түркі халықтарындағы үйлену ғұрып фольклорының жанрлық сипаты, типологиялық ұқсастықтары, сонымен қатар фольклор мәтіндерінің поэтикасы қарастырылған. Түркі халықтарының ғұрыптық фольклорының мазмұнды саласы, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени арнасы – үйлену ғұрып фольклоры. Ғұрыпқа қатысты фольклорлық туындылар мазмұндық, тақырыптық, көркемдік сипаттары жағынан эстетикалық, поэтикалық маңызға ие. Үйлену ғұрпына байланысты фольклор мәтіндері түркі халықтарының көркемдік ойлау жүйесін қамтитын, эстетикалық талаптарын орындаған сөз өнерінің формасы саналады. Аталған ғұрыптық фольклор тұрмыстық сипатымен, сонымен бірге поэтикалық суреттеудің, көркемдік тереңдіктің ұлттық дүниетаныммен тоғысуымен ерекшеленеді. Зерттеудің мақсаты үйлену ғұрып фольклорының түркі халықтарына ортақ типологиялық тұтастығын анықтау. Зерттеу барысында сипаттамалық, салыстыру, тарихи-генетикалық талдау әдістері қолданылды. Мақалада түркі халықтарына ортақ рәсімдердің фольклор мәтінінде көрініс табуы жан-жақты қарастырылып, ондағы мифтік таным, поэтикалық бейнелеулер талданды. Зерттеу нәтижесінде түркі халықтарына ортақ тектік байланыстар, эстетикалық өлшемдер ғұрыптық фольклордың мәдени феномен екенін анықтайды. Осыған сәйкес мақалада қарастырылған фольклорлық мәтіндер, үйленуге қатысты рәсімдер түркі халықтарындағы ортақ сипатымен, мифтік таныммен, ұлттық болмыспен байланысты ерекшеленеді. Мақала түркі халықтарының фольклорына, ондағы үйлену ғұрып фольклорының тектік, типологиялық, поэтикалық сипаттарына қатысты зерттеулерге негіз бола алады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 92, № 3, С. 244-256
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov