Central AsianResearch Index
Keruen2026

А.Барманбекұлы жырларындағы ұлт-азаттық идея

Мақаланың мақсаты – Асан ақын Барманбекұлының мұраларының бұған дейінгі жиналу, жариялануы және зерттелуіне ғылыми баға беру; өміріне қатысты деректерді анықтау. Асан ақынның шығармаларындағы ұлт-азаттық идеяны айқындау. Осы бағытта жария болған мағлұматтарды және ғылыми ойларды саралай келіп, ғылыми тұжырым жасау. Бұл мақала қазақ әдебиеттануында толыққанды зерттелмей келе жатқан, соның салдарынан белгілі бір ғылыми қорытынды жасалмаған және азаттық алу туралы ойларын қоғамдық санаға қозғау салған шығармаларға талдау жасау арқылы айқындағанымен маңызды. Мақалада бұған дейін Асан ақын өмірі мен шығармалары жөнінде пікір айтқан М.Әуезовтің, алғаш зерттеу жүргізген І.Жансүгіровтің, арнайы зерттеген Т.Қаупынбайұлының, С.Дәуітовтың, Б.Омарұлының, Т.Әлібектің, Б.Қожакееваның зерттеу әдістері назарға алынады. Мақаланың ғылыми нәтижесі мынада: Асан ақынның өмірдеректері айқындалады; шығармаларының жиналуы мен жариялануы және зерттелуіне ғылыми шолу жасалады; Асан ақынның шығармаларындағы ұлт-азаттық идея қазақ әдебиеттануында тұңғыш рет ғылыми нысан ретінде зерттеледі. Жүргізілген зерттеудің құндылығы Асан ақынның қазақ әдебиетінде алатын орнының ғылыми негізде дәйектелуінде; қазақ әдебиеті тарихында зар заман ағымының толыққанды өкілі ретінде тиянақталуында; оның шығармаларына тек зарлау сарыны емес, ұлттың рухын ояту, қоғамдық санаға азаттық идеясын сіңіру мұраттары тән екендігінің дәлелденуінде. Асан ақын Барманбекұлының өмірі мен шығармашылығына талдау жасалған мақала нәтижелерін болашақ зерттеулерге, жоғары оқу орындарының оқыту бағдарламаларына қолдануға болады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 92, № 3, С. 64-80
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov