Central AsianResearch Index
Keruen2026

Қазақ кәсіби бейнелеу өнеріндегі Ұмай бейнесінің көркемдік трансформациялары

Мақалада қазақ кәсіби бейнелеу өнеріндегі Ұмай бейнесінің көркемдік трансформациялары көне түркілік мифологиялық бастаулар мен қазіргі мүсін және кескіндеме тәжірибелері аясында талданады. Зерттеуде Ұмай архетипі түркі дүниетанымындағы ұрпақ жалғастырушы, береке мен молшылықтың, аналық және қорғаушылық күштің сакралды символы ретінде қарастырылып, оның кәсіби өнердегі иконографиялық, пластикалық және семантикалық өзгерістері айқындалады. Мақалада көне түркі тас мүсіндеріндегі үшмүйізді тәж киген әйел бейнелері, мемориалдық кешендер, қасқырАшина-Құртқа және тасбақа тұғыр мотивтері тарихи-мәдени контекстіде сараланып, олардың қазіргі қазақ суретшілері мен мүсіншілерінің шығармашылығында қалай жаңаша пайымдалғаны көрсетіледі. Б.Әбішев, Б.Бапишев, Ж.Тәкен, С.Смағұлов, А.Есдәулетов, Б.Құсайынов, Т.Досмағамбетов, Д.Сарбасов, Д.Қастеев еңбектері негізінде Ұмай бейнесінің дәстүрлі культтік образдан көпқабатты, символдық және сыни тұрғыда трансформацияланған архетипке айналу үдерісі талданады. Талдау барысында аталған бейнелердің визуалдық тілінде мифологиялық кодтардың сақталуымен қатар, авторлық интерпретация арқылы жаңа мағыналық қабаттардың қалыптасқаны анықталды. Ұмай образы қазіргі көркемдік тәжірибеде ұлттық бірегейлік, гендерлік архетиптер және мәдени жад мәселелерімен астаса отырып, заманауи дискурс аясында қайта ой елегінен өтеді. Зерттеу көне түркілік символиканың қазіргі қазақ бейнелеу өнеріндегі эволюциясын ашып, дәстүрлі дүниетанымның қазіргі мәдени кеңістікте өзектілігін айқындайды. Зерттеу нәтижесінде Ұмай бейнесінің қазақ кәсіби бейнелеу өнерінде этнографиялық реконструкция нысаны емес, тарихи жадты қайта құратын, мәдениеттер тоғысында жаңа мағыналық қабаттарға ие болатын және заманауи көркем ойлауда қызмет атқаратын архетиптік феномен екені дәлелденеді. Бұл мақала Ұмай архетипінің қазіргі қазақ өнерінде ұлттық мифологиялық негіздерді жаңаша пайымдаудың, көркемдік рефлексия мен мәдени өзін-өзі танудың маңызды құралына айналғанын көрсетеді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 91, № 2, С. 253-279
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov