Central AsianResearch Index
Keruen2026

Қазақ айтыстарындағы жер мен көк ұғымдарының мифтік негіздері

Айтыс – халқымыздың рухани-мәдени мұрасындағы ерекше құбылыс ретінде тек суырып салмалық шеберлікті ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі дүниетаным мен философиялық пайымды танытатын көркемдік форма болып табылады. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында жер мен көк ғаламдық екі басты кеңістік ретінде қабылданған. Жер ұғымы қазақ мифологиясында аналық бастау, құнарлылық, молшылық және тұрақтылықтың символы ретінде бейнеленсе, көк – рухани кемелдік, тазалық және тәңірлік күштің символдық бейнесі болып саналады. Зерттеу барысында қазақ айтыс өнеріндегі жер мен көк ұғымдарының көрінісі нақты мысалдармен талданып, олардың мифтіксимволикалық мағынасы айқындалды. Сондай-ақ, айтыстарда жиі кездесетін мифтік бейнелер мен ғарыштық символдар арқылы қазақ халқының ғаламды тану модельдері мен этикалық-эстетикалық бағдарларының көрінісі қарастырылады. Айтыс ақындарының шығармаларындағы символикалық бейнелер қазақ халқының этномәдени санасын сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізудегі маңызы айрықша атап көрсетіледі. Мақалада «көк тәңірі», «жер ана», «көк өгіз» тәрізді бейнелердің символикалық сипаты мен олардың көркемдік қызметі ғылыми тұрғыдан сипатталып, айтыс өнеріндегі ғаламдық құрылымның көркем репрезентациясы кешенді түрде зерделенеді. Осылайша, қазақ айтыстарындағы мифтің символикалық мағынасын зерттеу арқылы халықтың дәстүрлі дүниетанымдық негіздері мен философиялық көзқарастарының терең қабаттары ашылады. Зерттеу арқылы айтыс өнерінің ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды насихаттаудағы өзектілігі айқындала түседі.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 91, № 2, С. 171-183
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov