Central AsianResearch Index
Keruen2026

Е. Әлімжанның «Анажар» романы: Экзистенциалдық үйсіздік және таңдау

Мақалада жазушы Елен Әлімжанның «Анажар» романы кейіпкерінің жатсынуы, экзистенциалдық дағдарысы, өлімге талпынуы, өмірдің мәнсіздігін ұғынуы мен өле алмауы, қайтадан өмірді таңдауы сияқты мотивтері Мартин Бубердің «экзистенциалды үйсіздік», Жан-Поль Сартрдың «өзгелер ‒ тамұқ», Карл Ясперстің «шекаралық жағдай», «экзистенциалды қарым-қатынас» және таңдау жасау тұжырымдамалары аясында қарастырылып, экзистенциалистік философия тұрғысынан талданады. Қазақ әдебиетіндегі экзистенциализм әлемдік экзистенциалистік ойлармен үндес болғанымен, ұлттық дүниетаным мен ділдің ықпалынан туындаған өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Бұл ерекшелік зерттеулерде арнайы айқындалмағанымен, көркем мәтіндерде анық байқалады. Мақалада аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Анажар» романы экзистенциализмнің негізгі категориялары негізінде салыстырмалы түрде талданып, қазақ прозасындағы ұлттық экзистенциалдық тәжірибенің ерекшелігі айқындалады. Зерттеудің мақсаты ‒ романдағы экзистенциалистік мотивтерді ашу, әлемдік экзистенциалистік шығармалармен салыстырмалы талдау жасау арқылы қазақ әдебиетіндегі осы бағыттағы прозаның жаңа қырын көрсету. Мақалада экзистенциалдық-герменевтикалық талдау және салыстырмалы-типологиялық әдіс басшылыққа алынды. Бұл зерттеу қазақ әдебиеттануындағы экзистенциалдық прозаның теориялық негіздерін тереңдетуге ықпал етіп, ұлттық діл мен батыстық философиялық ағымдардың ұштасуын зерттеуге жол ашады. Практикалық тұрғыда жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде заманауи әдебиетті, әдеби бағыттарды оқытуда қосымша материал ретінде қолданыла алады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 91, № 2, С. 126-139
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov