Central AsianResearch Index
Keruen2026

Өнер қайраткерлерінің көркем бейнесі және тарихи шындық

Қазақ әдебиетінде тарихи тұлғалардың көркем бейнесін жасап, ел өмірінің сан алуан қырларын суреттеген романдардың қомақты бір бөлігіне тарихта өткен өнер адамдарының өміріне арналған шығармалар жатады. Ел тағдырымен егіз өріліп, шынайы өмір шындығынан алынған тарихи тұлғалардың өмірін арқау еткен романдар – романның өзге түрлеріне қарағанда тартымдылығы жағынан да, тарихи құндылығы жағынан да зор маңызға ие. Бұл тақырыптағы романдардың басты ерекшелігі – халық өміріне қажетті тарихи құндылықтарды кең қамтып суреттеумен қатар, заманалық сипатқа ие болуы. Зерттеудің мақсаты – тәуелсіздіктен кейін жарық көрген қазақ романдарындағы тарихи тұлғалар образы мен тарихи шындықтың ашылу мәселелерін қарастыру. Сондай-ақ, өнер қайраткерлері образының көркемдік шешімін, ондағы тарихи шындықтың тарихи романға сай ашылуын және жазушының шеберлік мәселелерін жан-жақты, терең зерттеу. Бұл мақсатты орындау үшін Т. Мәмесейіттің «Таңжарық», Қ.Толыбаевтың «Әсет» романдарын талдай отырып, ондағы тарихи шындықтың ашылуы, заман келбетінің суреті, жазушы суреткерлігі сияқты аспектілер кешенді түрде қарастырылады. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы – тарихи романға байланысты түрлі тақырыптарды зерттеуге материалдық қорды байыту. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері: бірінші, өнер қайраткерлерін арқау еткен романдарда сақталған ортақ мәселелерді көрсету, ғылыми жинақтаулар мен қорытындылар жасау; екінші, «Таңжарық» пен «Әсет» образдарының ашылуын нақты мысалдармен талдап көрсету; үшінші, зерттеу барысында екі жазушының тарихи шындықты тарихи романдардың стильдік ерекшелігіне сәйкестендіріп жазудағы қаламгерлік қарымы мен шеберлік үлгілерін талдау.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 91, № 2, С. 112-125
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov