Аңыз әңгімелердегі архетип образдар
Мақаланың кіріспе бөлімінде қазақ ауыз әдебиетінің маңызды жанры саналатын аңыздық проза мен оның тарихи-мәдени қызметі талданады. Түркі халықтарының рухани мұрасын қазіргі дәуірге жеткізудегі аңыздардың рөлі, сондай-ақ Ш.Уәлиханов бастаған отандық және шетелдік ғалымдардың ауыз әдебиеті мұраларын жинақтау, жүйелеу мен ғылыми айналымға енгізудегі еңбектері қарастырылады. Халық прозасының жанрлық жіктелуі, оның поэтикалық және танымдық ерекшеліктері, С.Қасқабасов тұжырымдары негізінде жан-жақты сипатталады. Сонымен қатар аңыз кейіпкерлерінің архетип табиғаты, олардың мәдени семиотикалық кеңістіктегі тарихи-рухани мәні мен ремифологиялану үдерістері ғылыми тұрғыда түсіндіріледі. Зерттеу нәтижесінде аңыздардың ұлттық болмысты сақтаудағы, тарихи жадыны қалыптастыру мен мәдени архетиптерді қайта жаңғыртудағы маңызы айқындалды. Сонымен қатар зерттеу мақаласы қазақ аңыз-әңгімелеріндегі архетип бейнелердің ұлттық мәдениеттегі рөлін талдауға арналған. Зерттеу аясында аңыздардағы тұлғалық, тарихи және рухани кейіпкерлердің архетип мәні айқындалды. Архетип ұғымын ХХ ғасырдың басында Карл Густав Юнг енгізген психологиялық тұжырымдамалар арқылы түсіндіріліп, олардың тұлғаның бейсаналық деңгейіндегі эмоционалды қуаты мен мәдени сананы қалыптастырудағы рөлін ашуға мүмкіндік туды. Мәтіндер мен аңыздардағы Мәшһүр Жүсіп, Бекет Ата және Абылай хан бейнелері зерттеліп, олардың әулиелік, батагөйлік, көріпкелдік, батырлық сияқты қасиеттері архетип тұрғысында талданды. Зерттеу барысында аңыздардағы тарихи және нақты өмірде болған тұлғаларға сүйене отырып, ұлттық танымды, моральдық құндылықтарды және рухани тәжірибені жеткізетінін көрсетті. Сондай-ақ аңыздық сюжеттер мен кейіпкерлердің тұрақты формалық және эмоциялық белгілері олардың мәдени мұрадағы орнының маңызды екенін дәлелдеді. Нәтижесінде, зерттеу ұжымдық бейсанада қалыптасып, қазақ аңыздары мен архетип бейнелерінің ұлттық мәдениет пен әдебиеттегі интеграциялық маңызын ғылыми тұрғыда айқындалды. Зерттеу әдебиеттану, этнология және мәдениеттану салаларында кешенді талдау жасауға мүмкіндік беріп, тарихи тұлғаларды мәдени архетип ретінде зерттеудің теориялық негізін көрсетеді.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2026 · Т. 91, № 2, С. 98-111
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov