Central AsianResearch Index
Keruen2026

Абай мұрасы және Алаш қозғалысының идеялық сабақтастығы

Мақалада Абай Құнанбайұлының дүниетанымы мен ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы өкілдерінің идеялық-рухани жүйесі арасындағы тарихи және дүниетанымдық сабақтастық жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – Абайдың мұрасындағы гуманистік, ағартушылық және адамгершілік қағидалардың Алаш зиялыларының ұлттық идеяларының, қоғамдықсаяси ұстанымдарының және ағартушылық қызметінің қалыптасуына ықпалын анықтау. Зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи, герменевтикалық және мәтіндік талдау әдістері қолданылды. Дереккөз ретінде Абай шығармалары, Алаш қайраткерлерінің ғылыми, публицистикалық және әдеби еңбектері, сондай-ақ қазіргі алаштану мен абайтану саласындағы ғылыми зерттеулер пайдаланылды. Нәтижесінде Абайдың «толық адам», әділет, еңбек және білім туралы тұжырымдамалары Алаш қозғалысының дүниетанымдық және интеллектуалдық негіздерінің қалыптасуына елеулі ықпал еткені анықталды. Сонымен қатар Абай мұрасының ұлттық сананы жаңғыртудағы, қоғамдық ойды дамытудағы және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі айқындалды. Қорытындысында Абай мұрасы әдеби құндылық ретінде ғана емес, Алаш қозғалысының рухани-идеялық өзегіне айналған ұлттық жаңғырудың маңызды философиялық негізі ретінде бағаланды. Зерттеу нәтижелері Абай мұрасын Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметімен сабақтастықта қарастырудың ғылыми маңызын айқындайды. Бұл тұжырымдар Абайтану мен Алаштану бағытындағы болашақ пәнаралық зерттеулерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды қазіргі білім беру мен қоғамдық санада жаңаша пайымдауға теориялық негіз бола алады.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 91, № 2, С. 17-33
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov