Қазақтың халықтық және авторлық сөз өнеріндегі домбыра концептісі: мәдени мәндер мен поэтикалық құрылымдар
Мақала ұлттық қазақ мәдениетінің дәстүрлі аспабы – домбыраға арналған, ол ұлттықауызша және жазба тілдік әрі поэтикалық дәстүрлерде көрініс тапқан мифологиялық түсініктерді,тарихи жады мен дүниені поэтикалық тұрғыда пайымдауды біріктірген күрделі мәдени концептретінде қарастырылады. Мұндай ракурс аспаптың материалдық пішінінің арғы жағынан ұрпақтар бойыжинақталған мағынаның тұтас қабатын көруге мүмкіндік береді: космологиялық үлгілер мен рулықтүсініктерден бастап, тіл мен әдебиетте сақталған этикалық нормалар мен эмоционалдық кодтарғадейін. Жұмыста этнолингвистикалық және мәдени-семиотикалық талдау әдістері қолданылды, олтілдегі, фольклордағы және көркем мәтіндердегі домбырамен байланысты тұрақты символикалықконстанталарды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тәсілдерді қазақтың мақал-мәтелдеріндегі, эпикалықмәтіндеріндегі, сондай-ақ, ХІХ-ХХІ ғасырлар поэзиясындағы домбыра бейнесін интерпретациялықтұрғыдан талдау элементтері толықтырады. Мұндай пәнаралық тәсіл домбыраны тек музыкалық өнернысаны ретінде ғана емес, жанрларда, сюжеттерде, метафоралар мен ритуалдарда «қызмет ететін»дүниетанымның құрылымдық элементі ретінде көруге мүмкіндік берді. Зерттеу тұрақты тіркестермен жыраулардың ертедегі ауызша поэзиясынан бастап, Абай, Жамбыл, М.Мақатаев және ХІХ-ХХІғасырлардағы басқа да қазақ ақындарының домбыраға арналған поэзиялық туындыларына дейінгікең ауқымды вербалды дереккөздерге сүйенеді. Домбыраның үндік ерекшеліктерін, поэтикалықметафораларын және тұрақты мағыналық өрістерін талдай отырып, автор домбыраға қазақ мәдениетініңсимволы мәртебесін бекіткен мәдени кодтарды айқындайды: ата-баба жадымен (естелігі) байланысы,эмоциялық медиатор ретіндегі рөлі, салт-дәстүр мен эпостардағы орны, этникалық дыбыстық белгімен ішкі үйлесімділікті білдіретін «қоңыр үн» образы. Домбыра бейнесінің жазба сөз өнерінде қалайтрансформацияланатынына ерекше назар аударылады. Мақалада оның қасиетті өзегін сақтай отырып,философиялық, психологиялық, экзистенциялық жаңа реңктерге ие болатыны көрсетілген. Авторзерттеу нәтижесіне сүйене отырып, домбыраның жай ғана дәстүр жәдігері емес, қазақ дүниетанымыныңөзіндік жолын қалыптастыратын маңызды мәдени архетиптердің бірі деген тұжырым жасайды. Өзініңсимволикалық сыйымдылығының арқасында домбыра ұрпақтар арасындағы тұрақты медиаторретінде қала отырып, ұлттық бірегейлік төңірегінде құрылатын мәдени өзек ретіндегі рөлін атқарудыжалғастырады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2026 · Т. 90, № 1, С. 246-265
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov