Central AsianResearch Index
Keruen2026

Қаламгер Е.Раушановтың «Құстар – біздің досымыз» танымдық еңбегінің аксиологиялық маңызы және табиғат әлемінің поэтикалық аспектілері

Мақалада белгілі ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтың «Құстар – біздің досымыз» атты ғылыми-танымдық еңбегі әдеби-танымдық және аксиологиялық тұрғыдан кешенді түрде талданады. Зерттеудің негізгі мақсаты – аталған туындының поэтикалық ерекшеліктерін, оның ұлттық дүниетанымдағы маңызын және қазақ әдебиетіндегі экологиялық дискурстағы орнын айқындау болып табылады. Зерттеу барысында мәтіндік талдау, герменевтикалық интерпретация, аксиологиялық және салыстырмалы-сипаттамалық әдістер кеңінен қолданылды. Автор шығармасында құстар бейнесін жалаң орнитологиялық объект ретінде ғана емес, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтардың символдық көрінісі ретінде қарастырған. Еңбекте ғылыми деректер мен фольклорлық мотивтер, антикалық мифология мен қазіргі экологиялық сана өзара үйлесімді сабақтастық тапқан. Зерттеу барысында қазақ дүниетанымындағы «кие», «обал» және «сауап» ұғымдарының экологиялық этика негізі ретіндегі рөлі ашылып, құстардың азаттық пен еркіндік символындағы маңызы авторлық пайымдармен негізделді. Сондай-ақ мақалада отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдарына сүйене отырып, қаламгердің шығармашылық болмысы заманауи әдебиеттану тұрғысынан сараланды. Нәтижесінде туындының танымдық және эстетикалық әлеуеті жоғары екені дәлелденіп, оның жоғары оқу орындарында экология мен әдебиеттану пәндері бойынша қосымша дереккөз ретіндегі практикалық маңызы айқындалды. Бұл зерттеу қаламгердің табиғат философиясын жаңаша пайымдауға және ұлттық құндылықтар жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 90, № 1, С. 129-140
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov