Қазақ прозасындағы қастерлі ұғымдардың көркемдік қызметі (Ә.Кекілбай, М.Мағауин шығармалары бойынша)
Мақалада қазақ прозасында бұған дейін әртүрлі аспектіде қарастырылған мәселелер қатарында кейбір ой-тұжырымдар айтылғанымен, арнайы зерттеу нысанына алынбаған сакральдылық ұбылысы жайында ғылыми тұрғыдан өзіндік ізденістер жасалып, жаңаша тұжырымдар түйінделеді. Қазақтың белгілі қаламгерлері М.Мағауин мен Ә.Кекілбай прозасындағы қастерлілік ұғымдарының (тақырып, сюжет, образ, тіл, таным, тарих, қоғам, уақыт пен кеңістік) көркемдік тұрғыдан берілу ерекшеліктеріне назар аударылып, салыстырмалы тұрғыдан талданып, әрбір қаламгердің жалпы адаматтық ұғымдарды пайдаланудағы, жаңғыртудағы өзіндік айшығы айқындалып, ортақ үндестігі ғылыми сараланады. Сонымен бірге мақалада аталмыш ауқымды тақырыптың өзектілігі мен оның өзге ғылым салаларындағы, соның қатарында қазақ әдебетіндегі зерттелу тарихнамасы жайында да тұжырымдар жасалып, көрнекті қаламгерлер туындыларындағы көркемдік қызметін ашу арқылы мәселенің өзектілігі жайлы ой түйінделеді. Кез келген қаламгердің болмысына ұлттық тәрбие арқылы сіңетін қастерлі ұғымдардың жазушы шеберлігі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын құндылықтар мәні Ә.Кекілбайдың «Аңыздың ақыры», «Ханшадария хикаясы», «Бір шөкім бұлт», «Күй» және М.Мағауиннің «Жармақ», «Қыпшақ аруы», «Қара ләйлек» шығармалары бойынша ғылыми тұрғыдан талданады. Екі жазушының да шығармашылығына ортақ желі – өмірдің мәнділігі мен ақиқаттың биіктігі, өнердің мәңгілігі. Ғасырлар тезінен өтіп, киелі саналған құндылықтардың проза жанрындағы авторлық таным мен кейіпкерлер жүйесі арқылы қайта түлеуі қызғылықты құбылыс. Көрнекті қаламгерлер туындыларының құрылымындағы мифтік таным-түсініктер мен халықтық қағидалардың, адам мен табиғат қарым-қатынасындағы үйлесімділік пен реалды өмір мен оған қарама-қарсы ұғымдардың суреттелу мақсаты, шығармадағы көркемдік шарттылық мәселелелері ғылыми тұрғыдан зерделенеді. Жазушы ұстанымы мен мен кейіпкер бейнесіндегі аталмыш мәселенің сипаттарын саралай отырып, қазақ жазушыларының түрлі себептермен көмескіленген ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар көркемдік тұрғыдан оқырман жадысында қайта жаңғырту шеберлігі талданады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2026 · Т. 90, № 1, С. 81-100
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov