Central AsianResearch Index
Keruen2026

Детектив әңгімелерде өмір шындығының бейнеленуі

Мақалада А.Зейінқызының «Тек пен шек», Ж.Кемелжанның «Қанды сүттің дәмі», С.Молдажановтың «Сырға», А.Қожмамбетованың «Жұмбақ өлім», Қ.Нұрданбектің «Жөргем», Ә.Жұмақанның «Қалың тұман арасында» детективті әңгімелері зерттеу нысанына алынды. Жазушылар аталған шығармаларында жанр табиғатына сай жұмбақ қылмыстарды ашуда жұмбақ мотивін әдебиеттегі дәстүр сабақтастығы ретінде пайдаланған. Сонымен бірге көркем шығарма арқылы оқырманды тәрбиелеуді жадында ұстай отырып, қылмыскерлердің жасырын қылмыстарын заң алдында әшкерелеп әділ үкім шығарған. Құпия қылмысты ашудағы тергеушілдердің ақыл-ой логикасы, біліктілігі нанымды бейнеленген. Жазушылар жұмбақ жағдайда жасалған қылмысты ашуда «жүйкемен ойнау», «оқырманмен ойнау», «оқырманды адастыру», «жалған іздер» әдістерін тиімді пайдаланған. Әңгімелерге өмірден алынған оқиғалар арқау болып, біздің қоғамдағы қылмыс әлемі әшкереленген. Біздің қоғамдағы «кішкентай адамдардың» тағдыр-тауқыметі ХХІ ғасырдың өзекті мәселесі ретінде көтерілген. Жанр табиғатына сай аталған әңгімелердегі жұмбақ жағдайда жасалған қылмыстар әділ де білікті, іскер де төзімді тергеушілер мен криминалистердің ісімен әшкереленген. Жауыздық пен қанішерліктің, аярлық пен екіжүзділіктің жүзеге аспайтыны нақты оқиғалар аясында талданған. Жазушылардың негізгі жетісті детектив жанрының талаптарын орындай отырып, ұлттық әдебиетті жаңа тақырыптармен, жаңа оқиғалармен, жаңа кейіпкерлермен толықтыруы.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2026 · Т. 90, № 1, С. 69-80
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov