Архитектуралық орта дизайнындағы қоғамдық кеңістікті визуалды сәйкестендіру
Мақалада халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және туристік тартымдылықты арттыру мақсатында қалалық және қоғамдық кеңістікті абаттандыру тәсілдері талданады. Қоғамдық кеңістіктің тартымдылығын арттырудың негізгі әдістері, сәулеттік ортаның дизайнындағы қалалық ортаны гуманизациялау үрдістері, сондай-ақ экологиялық мәселелерді шешудегі сәулет пен дизайнның рөлі қарастырылады. Урбоэкология және сәулет-құрылыс экологиясы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Зерттеу барысында авторлар аумақтық брендингке, қалалар мен елдердің тартымдылығын арттыру әдістеріне, сондай-ақ қазақстандық мәдени ландшафт брендингіне арналған заманауи ғылыми еңбектерді зерделеді. Отандық және халықаралық тәжірибені талдау негізінде туристік тұрғыдан тартымды қалалық ортаны қалыптастырудағы сәулеттік шешімдер мен дизайндық тәсілдерді интеграциялаудың оң нәтижелері көрсетіледі. Сонымен қатар сәулеттік орта дизайнында ұлттық дәстүрлерді қолдану мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Түпкілікті халықтың дәстүрлері, олардың материалдық және рухани мәдениеті қалалық кеңістіктің визуалды сәйкестендірілуінің негізгі элементтері әрі туристік қызығушылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Ұсынылып отырған материал дизайн, сәулет және өнертану салаларындағы студенттерге, магистранттарға және мамандарға пайдалы болуы мүмкін.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 89, № 4, С. 356-368
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov