Central AsianResearch Index
Keruen2025

Моноспектакльдің орындаушылық бейнелеу құралдарын жетілдірудегі ролі

Қазақ сахна өнері жедел дамып, әлемдік театрдың мәдени-эстетикалық ізденістерініңкөкжиегін кеңейтуде. Бұл мақалада ұлттық театрдағы моноспектакльдердің заманауи сахна өнеріндамытудағы маңызы мен оның орындаушылық бейнелеу құралдарын жетілдірудегі ролі қарастырылады.Қазақ театртану ғылымында осы тақырыпқа арналған зерттеулердің аздығын ескере отырып,авторлар алғаш рет отандық сахнадағы моноспектакльдердің қалыптасуы мен дамуына тарихи-теориялық шолу жасайды. Зерттеу нысаны ретінде қазақстандық театрлардың сахнасында қойылғанбірқатар моноспектакльдер таңдалды. Зерттеу барысында аталмыш туындылардың мысалындамоноспектакльдердің пішіндік табиғаты мен құрылымдық ерекшелігі, көркемдік-идеялық, рухани-эстетикалық, әлеуметтік-философиялық мәні, режиссерлік концепциясы талданады. Заманауи театрлықүдерісте моноспектакльдерге деген жоғары сұраныс бұл сахналық форманың маңыздылығын артқанынкөрсетеді. Сондықтан мақалада моноқойылымның жасалу жолдары ғана емес, оның актер шеберлігіндамытудағы, сахналық бейнелеу тілі мен көркемдік тәсілдерді байытудағы ықпалы да қарастырылады.Сонымен қатар, автор, орындаушы және көрермен арасындағы рецепция, сахналық шешімніңэмоционалдық әсері және актердің ішкі-сыртқы пластикасы мен дауысы және сөз тудыру қабілеттерінжетілдіру мүмкіндіктері талданады. Моноспектакльдің кәсіби актер даярлаудағы маңызы айқындалып,бұл форманың даму перспективалары анықталды.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2025 · Т. 89, № 4, С. 338-355
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov