«Ұлпан» спектаклінің режиссурасындағы семиотикалық жүйе мен постдрамалық театр тәсілдерінің көрінісі
Мақалада Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романы негізінде режиссер Гүлназ Балпейісова қойған спектакльге семиотикалық және постмодернистік тұрғыдан режиссерлік талдау ұсынылады. Заман талабына сай жаңашылдық бағытта сахналанған спектальдің көркемдік тұтастығы мен ой-тұжырымын анықтау мақсат етіледі. Қойылым заманауи театрдың көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері мен құрылымдық формаларын ұлттық болмыспен үйлестіре отырып, сахналық тілді жаңаша түрлендіру мысалы ретінде зерттеледі. Театр семиотикасы мен постдрамалық концепциялар негізінде сахна кеңістігі, костюм, дыбыс, пластика, жарық сияқты көркемдік элементтердің қызметі сараланады. Авторлар ұлттық рәміздер мен мифопоэтикалық бейнелер арқылы қазақ әйелінің архетиптік тұлғасын сахнада жаңаша бейнелеу тәсілдерін көрсетеді. Спектакльде қолданылған интертекстуалдылық, деконструкция, метатеатр және визуалды кодтар қазіргі қазақ театрындағы көркемдік ізденістерді сипаттайды. Зерттеу мақсаты – ұлттық әйел архетипінің сахналық бейнесін заманауи интерпретацияда ашу және постмодернистік эстетиканың көріністерін анықтау. Жұмыста семиотикалық, көркем-аналитикалық, этномәдени және тарихи-контекстуалдық әдістер қолданылған. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – «Ұлпан» шығармасының сахналық интерпретациясын заманауи театр теориясы тұрғысынан қарастырып, ұлттық мәдениет пен жаңа режиссура тоғысында тың театрлық модель ұсынуында. Мақала театртану саласына нақты әдістемелік үлес қосып, қазақ сахна өнерінің қазіргі заманауи жаһандық театр үрдістерімен терең үндесу жолдарын көрсетеді.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 89, № 4, С. 303-320
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov