ХХ-ғасырға дейінгі қазақ мәдениетіндегі балалар мен жастардың ойындарының әлеуметтік-функционалдық мәні
Қазақстанның барлық дерлік ғылым салаларында бодандықтан кейінгі, яғнипостколониалды зерттеулер тұрғысынан батыл түрде қайта зерттеулер жүргізілу үстінде. Мақаладакөшпенді қазақтардың саяси құрылымы, қауымдағы өзіндік жас ерекшеліктік атаулары және соларғасәйкес кәсіптену түрлері, демалыс ұйымдастыру тәсілдері сипатталды. Сонымен қатар көшпендімәдениет пен Көне Греция, Рим мәдениеттеріндегі уақыт туралы түсінік өзара салыстырылды, қазақмәдениетіндегі аула жағдайындағы балалардың ойындары «мәдениетте адамның қажеттіліктерініңөтелуі теориясымен» байланыстырылды. Баланың төрт түлік малға күтім жасауына және ойнауына, өзгебалалармен қарым-қатынасына, ойнауына негізделген ойын-сауық, іс-әрекет түрлері мен ХХІ ғасырдағыҚазақстандағы мәдени-креативті индустрия саласы ұсынатын виртуалды ойынның мүмкіндіктеріөзара салыстырылып балалық шақ пен есеюге тікелей қатысты жалпы ХХІ ғасыр мәдениетіндегіглобалды мәселе анықталды. Жұмыста тарихи-этнографиялық талдау әдісі, далалық зерттеу әдісі, қазақмәдениетінің тірі тасымалдаушыларымен, мәдениет қызметкерлерімен аналитикалық сұхбат жүргізуәдістері пайдаланылды. Мақаланың зерттеу нәтижесінде анықталған әлеуметтік-мәдени мәселеніңшешудің бір жолы ретінде қазақ дәстүрлі демалыс түрлерін күнделікті тұрмыста, кәсіпорында,балалардың ауладағы ойынында пайдаланып көру және 6, 10-16 жастағы адамның инициация рәсімінтұтынушылық мәдениет талабына сай жаңғыртуға қатысты бірқатар ұсыныс айтылады.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 89, № 4, С. 277-289
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov