Отандық өнертану ғылымындағы М.М. Aхметованың еңбектері
Музыкатанушы ғалым Ахметова Мәриям Мұқатайқызы елуінші жылдардың соңында Мәскеуде өнертану саласы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған алғашқы қазақ қызы. Орталық Азиядан шыққан тұңғыш кәсіби әйел маманның ғылыми еңбектері одақ көлемінде танылды. Зерттеуші ХХ ғасырдың екінші жартысында музыкатану саласында қазақ тілінде ғылыми-теориялық еңбектерін жазған, ән жанры мен орындаушылық өнерге арналған тұңғыш монографияның авторы. Ол халқымыздың ең бай әрі қарапайым, адам өмірінің маңызды тақырыптарын қамтыған ән жанры мен әншілік өнерін ғылыми тұрғыда қарастырды. Ұлттық дәстүрге деген халықтың эстетикалық көзқарасы, ХХ ғасырда пайда болған көпшілік әндер мен олардың даму жолы, қазақ романсының қалыптасуы мен өсуі, орындаушылық өнер мәселесі, хор жанры және т.с.с. тақырыптарды ғылыми тұрғыдан терең зерттеді. Бүгінгі уақытта М.Ахметованың Қазақстанның музыкатану саласының дамуына қосқан өзіндік үлесі туралы жан-жақты қамтып арнайы жазылған еңбектер кездеспейді. Осыған сәйкес М.Ахметованың ғылыми-шығармашылық қызметін зерттеу мақаланың негізгі мақсаты болып табылады. Ғалымның зерттемелерінің маңыздылығы мен алатын орны және еңбектерінің музыкатану саласына қосқан үлесін тану мәлелелері мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығын көрсетеді. Мәриям Мұқатайқызының ғылыми еңбектері тарихи-теориялық тұрғыдан талдауға алынып, өмірін ән жанры мен ән орындаушылық өнердің даму жолына арнаған еңбек жолын тану, зерттеу барысында анықталған мәліметтер осы зерттеудің құндылығын көрсетеді.
Сведения
- Журнал
- Keruen
- Опубликовано
- 2025 · Т. 89, № 4, С. 260-276
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2078-8134 · 2790-7066
- Издатель
- Institute of Literature and Art named for M. Auezov